476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елорда полицейлері көпірден секірмек болған ер адамды құтқарды

  • 181
  • UPD: 14:31, 03.04.2022
Елорда полицейлері көпірден секірмек болған ер адамды құтқарды Қазақпарат

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінен мәлім болды.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 7:22-де Жедел басқару орталығының «102» арнасына Қабанбай батыр даңғылында ер адамның көпірден төмен секірмек болғаны туралы қоңырау келіп түскен. Елордалық полицейлер оқиға орнына дереу жеткен. Полиция қызметкерлері аталған азаматты сөзге тартпақ болғанымен, ол барынша қарсылық көрсетіп, мүлдем мәмілеге келмеген. Содан кейін полиция аға лейтенанты Қайрат Құснеденов ер адамды ұстап алып, қауіпсіз жерге шығарған.

Хабар 24 телеарнасы