Аягөз тұрғынынан 10 келі есірткі тәркіленді

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері Аягөз қаласының тұрғынынан 10 келі есірткі тәркіледі.

Жедел-іздестіру шарасы барысында күдіктінің пәтеріне тінту жүргізіліп, өсімдік тектес зат салынған полиэтилен орамасы анықталды. Сараптама қорытындысы белгісіз заттың кептірілген марихуана екенін растады. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.