Еліміздің бірқатар өңірін су басты

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында 185 тұрғын үй, 78 саяжай мен екі әлеуметтік нысанды су басты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төтенше жағдай мамандары Ақтөбедегі тағы 15 саяжайды бақылауға алған. Қазір 30 республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар тас жолда су сору жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы елдегі төтенше жағдайдың алдын алу шараларына 2 жарым мыңға жуық адам тартылды. Оларға 800-ге жуық бірлік техника, 350 су айдау құралы мен 18 жүзу құралы көмектесіп жатыр.