Шымкентте полиция департаментінің баспасөз хатшысы өз-өзіне қол салды

Бұған дейін ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қоштасу жазбасын қалдырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда Мөлдір Бекеева басшылықтың қысым жасағанын хабарлады. Қазір ол ауруханада жатыр. Есін білмейді. Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Айта кетерлігі, Бекееваның өзіне қатысты да іс қозғалған. Өткен айдың соңында Youtobe каналында баспасөз хатшысының қарамағындағы қызметкерлеріне дөрекі сөйлеп жатқаны жайлы бейнеролик жарияланды.

Данияр Үндербаев, қалалық ПД кадр саясаты басқармасының басшысы:

– Суицид бойынша өз өзіне қол жұмсау бойынша аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК сотқа дейінгі тергеу басталды. Бекеева әлі қызметінен өз еркімен кеткен жоқ.