ШҚО-да тағы да жүк пойызы рельстен шығып кетті

ШҚО-да тағы да жүк пойызы рельстен шығып кетті
Қазақпарат

Шығыс Қазақстан облысының Алтай-Күмістау теміржол учаскесінде жүк тиелген 5 вагон рельстен шыққан, деп хабарлайды «Хабар 24». «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ресми сайтына сілтеме жасап.

2022 жылғы 8 сәуірде 10 сағат 35 минутта Шығыс Қазақстан облысының Алтай - Күмістау теміржол учаскесінде жүк пойызының 5 вагоны рельстен шығып кетті. Вагондар цемент тасымалдаған. Бір вагон «КузбассТрансЦемент» ЖШҚ (Ресей Федерациясы) меншігі болса, қалғаны «Каспий Цемент» ЖШС-ге (Қазақстан Республикасы) тиесілі. Құрам 28 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан. «ҚТЖ»ҰК» АҚ дерегі бойынша оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген. «Жолаушы пойыздары мен жүк пойыздарының кідірісі болған жоқ. Қазір учаскені қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Вагондардың рельстен шығу себебі анықталуда», – деп жазылған ресми мәліметте.