Белгісіз адам ұшаққа жарылғыш зат қойылғанын хабарлады

ҚР Терроризмге қарсы орталығы хабарлауынша, 8-9 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан, Ақтау, Көкшетау және Балқаш қалалары әуежайларының анықтама қызметтері мен электрондық мекенжайларына белгісіз тұлғалардан «Минск-Нұр-Сұлтан» рейсімен келе жатқан ұшақтың бортында жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат келіп түскен.

«Оқиға орнына алғашқы әрекет ету күштері жіберілді. Бортты тексеру барысында жарылыс қаупі бар заттар мен жарылғыш құрылғылар табылған жоқ. Құқық қорғау органдары анонимдік қоңыраулар фактілері және анықталған электрондық мекенжайлар бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізеді, жалған хабарламаның авторын белгілейді», делінген ҚР Терроризмге қарсы орталығы хабарламасында.   

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.