Шымкентте жас жігіт құзға өрмелеу қабырғасынан құлап кетті

Шымкенттегі Бәйдібек би даңғылы бойындағы «Жайлаукөл» саябағында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Оtyrar.kz.

Құзға өрмелеу қабырғасының ұстағышы жұлынып кетіп, 20 жастағы жас жігіт биіктен құлап кетті.  Қайғылы оқиға 10-сәуір күні болған.

Оқиға орнына барған жедел жәрдем қызметкерлері науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді.

Медициналық тексеру барысында пациенттің бас сүйек маңдайшасы жарақаттанғаны анықталып, операция жасалды. Науқастың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.

 

Сондай-ақ...