Қарағанды облысында бойжеткен пойыз астында қалып көз жұмды

Қарағанды облысында бойжеткен пойыз астында қалып көз жұмды
Sputnik Қазақстан

Қарағанды облысында қайғылы оқиға болды.

2022 жылдың 10 сәуірінде сағат 18:30-да Қарағанды Сортировочная-Құлайғыр учаскесінде бойжеткен жүк пойызының алдындағы жолға жүгіріп шыққан.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, машинист тежегішті шұғыл іске қосқан. «Қашықтықтың тым қысқалығы құрамды тоқтатуға және де адам басудың алдын алуға мүмкіндік бермеді. Қыздың аты жөні анықталды. Марқым болған қыз бала 18 жаста», – делінген мәліметте.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ пойызды бірден тоқтату мүмкін еместігін еске салады. Жылдамдығы сағатына 80 км кезінде машинистің тежегішті шұғыл  қолданғанымен, пойызды тежеу жолы кемінде 900 метрді құрайды.