Көкшетауда жаппай төбелес болды

Көкшетауда жаппай төбелес болды
inform.kz

Көкшетауда бір топ адам жаппай төбелес ұйымдастырған. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Төбелес түнгі сағат 3.15 шамасында көңіл көтереті клуб маңында болған.

«Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары осы төбелеске қатысы бар түнгі клубтың 2 қызметшісін ұстады. Сонымен қатар тағы оқиға орнынан қашып кетпек болған екі адамды патрульдік полиция бөлімге жеткізді. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі «бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды», - дейді ведомстводан. Алдын ала белгілі болғандай, төбелес клуб қызметкерлері мен келушілер арасында басталған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.