Қостанай облысында әйел адамды өз үйінде өлтіріп кеткен

Қостанай облысының Лисаковск қаласындағы қайғылы жағдай туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«8 сәуірде Лисаковск қаласының тұрғыны 56 жастағы құрбысына қонаққа келгенде, пәтерден оның мәйітін анықтаған», ­– делінген мәліметте.

Есік ашық болған.

Сот-медициналық сараптамасы зорлық белгілері барын растады.