ШҚО-да биыл төрт адам суға батып көз жұмды

ШҚО-да биыл төрт адам суға батып көз жұмды
Jasqazaq.kz

Жақында ғана Семейлік екі қыз бала Ертістегі мұз үстінде суретке түсеміз деп қайғылы жағдайға душар болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Селфидің қызығына кіріп кеткен олар мұз көбесінің сөгіліп кеткенін кеш байқаған. Олардың біреуін ғана құтқару мүмкін болды. Осындай оқыс оқиғалардың адын алу үшін төтенше жағдайлар қызметі арнайы оқу-жаттығу өткізді. Алдымен олар ескертуді елеместен балық аулауға шыққан азаматты ажалдан құтқарып қалды. Мұнан соң мұз үстінде суретке түсіп, суға батып кете жаздаған жеткіншекті достарының қалай құтқарып қалғанын көрсетті. Құтқарушылар «бұл көріністер арқылы қауіпсіздік талаптарына салғырт қараудың соңы неге әкеліп соғатынын тұрғындарға шынайы түсіндірмек болдық», – дейді.

Асылан Қапаев, Өскемен қаласы ТЖБ аға офицері:

– Көктем мезгілі, күн жылынып, су айындарында мұз жұқара бастайды.Осыған орай құтқарушылар мұздың бетіне шықпауды қатаң түрде ескертеді.