Қарағандыда тоғыз жасар баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

 Қарағанды қаласында арыққа түсіп кеткен 9 жастағы баланың қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы оқиға 306-баптың 3-тармағы «Абайсызда адам өліміне әкелген, қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету» фактісі бойынша тергеледі. Қазір сотқа дейінгі амалдар жүргізіліп жатыр. Облыстық полиция департаментінің өкілдері осылай хабарлады. Еске салсақ, 3 сәуірде Сартировка ауданында ойнап жүрген 9 жастағы бала суға кетіп қаза тапқан еді. Бір сағаттан кейін құтқарушылар оның денесін ашық арықтан алып шыққан.