Түркістан облысында баланы көлік қағып кетті

Көлік қаққан бір жарым  жастағы бала қазір ауруханада ауыр халде жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полицейлердің мәлімдеуінше, балабақшаға барған сәбиді көлік соққан. Қазір аяғы сынып, көптеген дене жарақатын алған бала ауруханаға түскен. Оқиға балабақша маңында болған. Бүлдіршін көліктен шығып тәрбиешісіне қарай жүгіріп бара жатқанда, сүрініп құлады деп түсіндірген. Бірақ облыстық полиция департаменті баланы көлік соққанын хабарлады. Оқиаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.