200 келі есірткі тасыған түркістандық ұсталды

Жамбыл облысынан еліміздің батыс өңіріне есірткі жеткізіп келген ірі арна жойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айша-бибі ауылы маңында Түркістан облысының 36 жастағы тұрғынының көлігі полицейлер күдігіне іліккен. Тәртіп сақшыларын байқаған ер адам көлігін тастап, жаяу қашпақ болған, алайда қолға түсті. Тексеру барысында оның көлігінен 200 келі есірткі табылды. Кептірілген марихуананы ол былтыр тамыз айында Шу ауданында дайындағанын мойынадады. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.