Қостанайда пакетке салынған нәрестенің өлі денесі табылды

Полицейлерге 37 жастағы қала тұрғыны хабарласқан.

Ол Гоголь және Шаяхметов көшелері қиылысындағы «Бүркіт» базары аумағынан жаңа туған баланың мәйітін тауып алғанын айтқан. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Полицейлермен денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ жаңа туған қыз баланың мәйіті екені анықталды.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Жаңа туған сәбидi анасының өлтiруi» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Авторы: Данияр Сұлтанұлы