Алматыда ер адам ерлі-зайыптыға травматикалық тапаншамен оқ атты

Алматыда ер адам ерлі-зайыптыға травматикалық тапаншамен оқ атты

Мұны Polisia.kz хабарлады.

«Ол травматикалық тапаншадан ерлі-зайыптыға оқ атқан. Абырой болғанда, ер мен әйелдің өмірі мен денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ. Күдікті Жамбыл облысының 40 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол Жамбыл облысы ауылдарының бірінде ұсталды. Соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жалғасып жатыр», - деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.