Депутат Қайрат Құдайберген ұсталды – Бас прокуратура

Фото: Facebook/Қайрат Құдайберген

ҚР Бас прокуратурасы Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасының ісі бойынша ұсталғанын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бас прокуратураның баспасөз хатшысы Дархан Дүйсембайдың айтуынша, Қайрат Құдайберген 21 сәуірде уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

«Оны кеше, 21 сәуір күні ұстады. Мұны Алматы қаласының прокуратурасы БАҚ өкілдеріне растады», – деді ол.

Еске салсақ, қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласынан тараған видеоларда кәсіпкердің «Дикий Арман» лақап атымен белгілі Арман Жұмалдиевтің жанында жүргені көрінген болатын.