Шортандыдағы көлдердің бірінде балық қырылып жатыр

Ақмола облысының Шортанды ауданындағы көлдердің бірінде балықтар қырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Куәгерлердің айтуынша, Бозайғыр ауылы маңындағы көлшіктің жағасында өлі балықтар толып жатыр. Ал су айдындарына жауапты Есіл бассейндік инспекциясының өкілдері балықтардың қырылуына қыста мұздың өте қалың болып, оларға ауа жетпеген болуы мүмкін дейді. Дегенмен өлекселерден сараптама алынып, зерттеуге жіберілген. Оның қорытындысы келесі аптада белгілі болмақ.