Павлодарда балаларға қатысты жол-көлік оқиғасы көбейген

Жыл басынан бері өңірде жол-көлік оқиғасында 21 бала зардап шеккен. Бір оқушы қайтыс болды. Көрсеткіш – былтырмен  салыстырғанда арта түскен. Қазір мектептерде жол ережесін үйрететін, қосымша сабақтар жиі өткізіле бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бибігүл Қамзина, облыстық ПД ЖПҚ Ювеналды полиция тобының аға инспекторы:

Балаларға жол ережелерін үйретуге мән береміз. Бастауыш және орта буын оқушыларына бұл тақырыпта бағдарламалар әзірленген. Біз сабақтарға қатысып, білген-тергенімізбен барынша бөлісуге тырысамыз. Ал жоғары сынып оқушыларды жол апаттарының салдарын көрсетеміз. Балалардың қызығушылығы жоғары. 

Айбек Рақышев, Павлодар қалалық ЖПБ аға инспекторы:

Полиция қызметкерлерімен әрдайым мектептердің маңайларын бақылаймыз. Оларға предписание беріледі. Мектептердің маңайында балалардың қауіпсіздігі бірінші орында бізде. Сол үшін жол ережелері белгілерін орнатып және де полиция қызметкерлері осы маңайда атқарады.

Жол ережелері туралы материал теория жүзінде ғана емес, тәжірибе түрінде де беріледі. Тәртіп сақшылары балалар үшін таза ауада сабақ өткізеді. 

Ислам Сағдыев, оқушы:  

– Мен   мектептің қасында тұрамын. Мен жол ережелерін сақтаймын.

Қызылға болмайды өтуге, сарыға дайындал деген. Ал жасыл, бұл бар деген.

Адель Сұлтанбекова, оқушы:

Жол қателікті кешірмейді. Ережені бұзсақ, соңғы жақсылыққа әкелмейді. Бүгін маңызды ақпараттар айтылды. Біз жол ережелерін білумен шектелмейміз. Кейін соңымыздан ерген балаларға да түсіндіремін.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Марат Игіліков және Жеңіс Темірболат