Петропавлда Есіл өзеніне шығатын тік жар адамдарға қауіпті болып тұр

Осы жолы биіктіктен 16 жастағы қыз тайып құлаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір ол ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы орташа. Оқыс оқиға өткен жұма күні Жеңіс саябағында болған. Айта кетейік, бұл осы айдағы алғашқы жағдай емес. Сәуірдің басында дәл осылай 18 жастағы бойжеткен құлап кеткен болатын. Тұрғындардың көбі жардың шетіне суретке түсуге келеді. Сондықтан қоғам белсенділері қауіпті аумақты қоршауға алуды сұрап отыр.  

Гүлнәр Қалиева, денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

– 16 жастағы қыз бала қазіргі таңда көпбейінді балалар облыстық ауруханасында жатыр. Жарақаттану бөлімінде. Толық көлемде медициналық көмек алуда. Бас миы шайқалған.

Андрей Фролов, қала тұрғыны:

Жеңіс саябағы қаладағы ең әдемі жердің бірі. Адам көп келеді. Сондықтан жардың шеті қоршалуы тиіс деп ойлаймын және де жарық тартылса жақсы болар еді. Қазір бір-ақ шам. Кешке қарай қараңғы.