loader


«Ақбұлақтық атқыш» И.Дужнов өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Бүгін Алматыда «ақбұлақтық атқыш» атанып кеткен Игорь Дужновқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дужнов екі полицей мен сот орындаушысын, сондай-ақ үйдің жаңа қожайыны мен куәгерді өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ қаза болғандардың туыстарының пайдасына материалдық өтемақы өндіруді міндеттеді.

Еске сала кетейік, қайғылы жағдай былтыр 20 қыркүйекте болған. Алматылық кәсіпкер Дужнов пен оның отбасын сот шешімімен үйінен шығаруға әрекеттенген кезде ол оқ атқан. Сот отырысы барысында Игорь Дужнов жасаған ісіне өкінген жоқ. Кінәсін мойындамады және зардап шеккендердің туыстарынан кешірім сұрамады.

Сондай-ақ...