Атырауда балық тағы қырылып жатыр

Бүгін әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазба мұнайлы өңір тұрғындарын алаңдатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға қала іргесіндегі Қайыршақты ауылдық округіне қарасты «Безымянный» су айдынында болған. Ағыспен келген балық жағаға шығып қалыпты. Әлі жетпегеннен кейін арнаға қайта түсе алмаған. Бірақ жауаптылар өлген балық көлемі дабыл қағатындай көп емес деп сендіріп отыр. Су маржандары қырылған жерде жергілікті экологтар мен басқа да жауапты мамандардан құралған комиссия тобы арнайы барып, мәселенің анық-қанығын тексерді. Балықтың қырылуы судың таяздығынан болғандықтан, қазір Бақсай арнасын тереңдету жұмыстары жүріп жатыр.

Артур Сәдібекұлы, облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Бақсай су айдынына балықтар уылдырық шашуға кіріп жатыр. Бұл жерде қазіргі таңда балық өлу фактісі ондай ауқымда алып жатқан жоқ. Яғни шамалыдан көрініп жатыр. Олар каналдың алдына келіп тіреліп қалып жатқандар. Балықтар уылдырық шашу орнына еркін кіру мақсатында Қайыршақты округі әкімдігі ұзындығы 800 метрдей, тереңдігі 1 метрдей канал қазып, жұмыстар жүрігізілуде.