Әскери техниканы сатпақ болған атыраулық ұсталды  

35 жастағы азамат заңсыз бронд­алған әскери барлау-шолғыншы көлігін сатпақ болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда Атырау тұрғыны діттеген мақсатына жетпей, одан әскери көлік тәркіленді. Ер адамнан әскери техника жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында анықталған. Қазір аталған факт бойынша сотқа дейі­нгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Ал күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрін­де бұлтартпау шарасы қабылданды.