Қызылордада пара алған мемлекеттік қызметші сотталды

Қызылорда облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары 3 жылға сотталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол қала орталығынан ойып тұрып жер бөлу үшін 2 миллион теңге пара алған. Тұрғын үй салуға жер телімін заңсыз берген экс-шенеунік сот шешімімен өмір бойы мемлекеттік қызметке орала алмайды.

 Жалпы, жыл басынан бері өңірде жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа барған 19 лауазымды тұлғаның жымысқы әрекеті әшкереленді. Оның үшеуі облыстық деңгейдегі бірінші басшылар.

Сондай-ақ...