Елордада тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы пәтерге кран құлады

Нұр-Сұлтан қаласының Сығанақ көшесінде орналасқан тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы пәтер ішіне терезесінен автокранның ілгегі құлды, деп хабарлайды «Хабар 24» қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Төтеншеліктердің мәліметінше, «28 сәуір күні сағат 14.26-да Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының бөлімшелері 4 адам, бір техникадан жасақталған құраммен Сығанақ көшесі 2А мекенжайына шықты. Оқиға орнына жеткен бойда 6-қабаттағы пәтердің терезесіне автокранның ілгегі құлағаны белгілі болды. Оқиға орнына өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің мамандары жіберілді.