Еліміздің солтүстігіндегі көлдерде қырылған балық көбейді

Мәселен, соңғы екі аптада осындай 7 факті тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғысы Айыртау ауданына қарасты Құспек көлінде болды. Жауапты мамандардың мәліметше, көбінде су деңгейі төмендеген. Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 500-ге жуық көл бар. Қыс мезгілінде жүргізілген аэрация еш нәтиже бермеді. Өйткені олар таяз болғандықтан, толғымыен қатып қалған. 

Ильдар Кәкімов, СҚО бойынша балық шаруашылығы инспекциясы бөлімінің жетекшісі:

Қырылған балықтар толығымен жойылды. Сараптама қорытындысы олардың тұншығып қалғанын көрсетті. Себебі соңғы жылдары біз өзен-көлдерде судың азайғанын байқап отырмыз.