Үйге келген шығынды серіктестік өз мойнына алатын болды

Бүгін елордадағы тұрғын үйлердің біріне кран құлап, алтыншы қабаттағы пәтердің астан-кестеңін шығарғаны жазылған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлеуметтік желіде тараған видеода автокранның ілгегі ас бөлменің терезесін шаққан. Жарақат алған немесе қаза тапқандар жоқ. Үй иесінің сөзінше, кран құлаған маңайда баласы болыпты. Кішкентай балаға зілдей темір тиюге аз қалған. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік автокранды жалға алған көрінеді. Жұмыс барысында техниканың қадағалаушы тетігі істен шығып, оқыс оқиға болған. Үйге келген шығынды серіктестік өз мойнына алатын болды.