Ақсу кәсіпорнында жұмысшыны күйік шалды

Ақсу кәсіпорнында жұмысшыны күйік шалды
@Рavlodarnews.kz.

Жазатайым оқиға Ақсу қаласы АҚ-ның бірінің өнеркәсіп цехында орын алған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 сәуірде сағат 23.00-де 35 жастағы балқытушы балқыту пешінің іргелес аумағын тазалау кезінде зардап шеккені туралы хабарлама 30 сәуір күні түскен. 

Ер адам пештен шихтаны шығару нәтижесінде күйіп қалып ауруханаға түскен.