Павлодар облысында екі көлік соқтығысып, жолаушы зардап шекті

Павлодар облысында екі көлік соқтығысып, жолаушы зардап шекті
pavlodarnews.kz

Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 мамыр күні сағат 17.40-та Железин ауылында Бабин - Асанов көшелерінің қиылысында «ВАЗ 2114» маркалы автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі жол бермей, «Škoda Octavia» автокөлігімен соқтығысқан.

- ЖКО салдарынан «Škoda Octavia» автокөлігінің 28 жастағы жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, - дейді департаментте.

Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізілуде.