Жамбыл облысында ішімдікті заңсыз тасымалдағандар ұсталды

Жамбыл облысындағы «Айша бибі» шекара бекетінен 26 мың бөтелке арақты заңсыз алып өтпек болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алкогольдік өнімдерді қырғыз елінің екі азаматы Қазақстан аумағына контрабаналық жолмен кіргізбек болған. Ол құжатта ішімдікті жылдам дайындалатын кеспе деп көрсеткен. Мемлекеттік кірістер және экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше тәркіленген ішімдіктің жалпы құны 25 миллион теңгеден асады. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.