Павлодарда әйел адам балконнан құлап кетті

Жарақат алған әйел ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 мамыр күні сағат 17.00-де Толстой көшесі, 84-ші үйдегі пәтерде әйел адам екінші қабатта орналасқан пәтердің балконынан құлап кеткен.  

47 жастағы тұрғын мас болған

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында 1974 жылы туған әйелді медициналық жедел жәрдем бригадасы №1 қалалық ауруханаға  жеткізгенін хабарлады.

-  Денесінің бірнеше аймағын қамтитын нақтыланған (кататравма) жарақаттар анықталды. Жамбас сақинасының тұтастығын бұзбай жамбас сүйектерінің жабық сынуы, сондай-ақ басқа да бірнеше жарақаттар анықталған. Қабылдау кезінде алкогольдік масаңдыққа байланысты жағдайы ауыр болды. Жарақат алу механизмін ескере отырып, қарқынды терапия палатасына жатқызылды, - деді басқармада.

Қазіргі уақытта жағдайы орташа ауыр, политравма бөлімшесіне ауыстырылды.