Елордада жолаушылар автобусы көше шамы бағанын қиратты

Елордада №28 бағытта қатынайтын жолаушылар автобусы көше шамы бағанына соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап жатыр. Осы жайтқа қатысты Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті де ресми мәлімет берді. «7 мамырда Керей-Жәнібек хандар мен Ақмешіт көшесінің қиылысында автобустың жүргізушісі бағдаршамның тыйым салған белгісіне қарамастан қиылысты кесіп өтіп, көше шамының бағанына соғылған», – деп атап өтеді ведомстводан. Таратылған ақпаратқа сәйкес адамдар аман. Қоғамдық көлік жүргізушісінің үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы 1-тармағымен әкімшілік хаттама толтырылған.

Сондай-ақ...