Ақмола облысында адам өлтірген күдікті қызметтік иттің көмегімен ұсталды

Ақмола облысында адам өлтірген күдікті қызметтік иттің көмегімен ұсталды
Правда.Ру

Қызметтік иттің көмегімен полиция кісі өлтірген күдіктіні көп ұзамай құрықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 мамыр сағат 17:45 шамасында Целиноград аудандық ПБ кезекші бөлімшесіне Талапкер ауылында ер адамның денесі табылғаны туралы хабар түседі. Үй маңынан табылған 26 жастағы жігіттің кеудесінің сол жақ тұсына пышақ сұғылған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобының құрамында кинолог та жіберіледі. «Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «Альфа» атты қызметтік иттің көмегімен 19 жастағы жергілікті тұрғын - жәбірленушінің туысы күдікті ретінде ұсталды. Ол уақытша оқшаулағышқа қамалып, үстінен Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша іс қозғалды», – деді ведомстводан.