Шымкентте мемлекеттік қызметшілер төбелесті

Шымкентте Экономикалық тергеу департаментінің екі қызметкері бір-біріне жұдырық ала жүгірді. 

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан өзара кикілжіңнің соңы төбелеске ұласқанын көруге болады. Қос қызметкер әуелі сөзге келіп қалады. Кейін бірі екіншісін соққыға жығады, жарақат алғаны ауруханаға жатқызылды. Қаржы мониторингі агенттігінің өкілдері қызметкер мен басқарма басшысының арасындағы жанжалдың болғанын растады. Қазір қызметтік тергеу жүріп жатыр. Төбелестен кейін департамент басшысы қызметінен уақытша шеттетілді.