Маңғыстауда белгісіз зат құйылған бөтелкелерді шашып кеткен адамды іздеп жатыр

Маңғыстау облысындағы Баянды ауылының маңында сұйықтық толы шыны мен пластик бөтелке шашып кеткен адам іздестіріліп жатыр.

Бұл көріністі жергілікті тұрғын әлеуметтік желіге жүктеген. Мұнайлы ауданына қарайтын елді мекен жанында қоқыс полигоны бар. Әлдекім тұрмыстық қалдық есебінде шығарылған бөтелкелерді полигонға жеткізбей, орта жолға лақтыра салуы ықтимал. Бүгін экология департаментінің қызметкерлері әлгі аумақтан сынамалар алды. Тексеру нәтижесі алдағы тәулікте белгілі болады.