470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Түркістан тұрғыны жалған нөмірмен ұсталды

  • 115
  • UPD: 08:41, 12.05.2022
Түркістан тұрғыны жалған нөмірмен ұсталды

Түркістанда «Toyota Land Cruiser» көлігіне жалған нөмір жаспырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті тұрғын өзінің «УАЗ» маркалы көлігіне тиесілі нөмірді, «Toyota Land Cruiser-ге» орнатып алыпты. Бұдан бөлек айыппұлы 1,1 миллион теңгеден асып кеткен тағы 16 автокөлік анықталды. Өңірде жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілерді анықтайтын «Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасы іске қосылды. Ол патрульдік полицейге жол ережесін бұзу, көлігіне жалған нөмір орнату сынды деректерді көрсетіп отырады. Бір апта ішінде жол жүру ережесін бұзған 60-қа жуық автокөлік анықталыпты. Жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін таққан «Toyota Land Cruiser» автокөлігін де осы бағдарлама анықтаған. Белгілі болғандай орта жастағы жергілікті тұрғын өзінің «УАЗ» маркалы көлігіне тиесілі нөмірді, «Toyota Land Cruiser»-ге орнатып алыпты. Аталған жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, көлік айып тұрағына қойылды

Хабар 24 телеарнасы