Жамбыл облысында жол апатынан екі адам қайтыс болды

Жамбыл облысында жолаушылар автобусы мен трактор соқтығысты. Алдын ала болжам бойынша күн райының нашарлауына байланысты автобус жүргізуші бір бағытта келе жатқан трактордың тіркемесіне соғылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға салдарынан екі адам қаза тапты, ауруханаға 48 адам қаралып, олардың төртеуі жансақтау бөліміне жатқызылды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.