Тараздан жасырын қару қоймасы табылды

Жамбыл облысында 10 дана қару, бірнеше граната мен 600-ден аса оқдәрі жасырылған қойма анықталды.

Табылған Калашников автоматтары, тапаншалар мен қысқа ұңғылы мылтықтар қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде тоналған. Жасырын қоймадан қару-жарақпен қатар каскалар мен оқ өтпейтін кеудешелер тәркіленді. Айғақтар сот-баллистикалық сараптамаға жөнелтілді. Полицейлер өңірлерде жедел-іздестіру шараларын әлі де жалғастырып жатыр. Аймақтық полиция департаменті қаруды өз еркімен тапсырғандар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салды.

Сондай-ақ...