Қаңтар оқиғасы: генерал С.Күдебаев күдікке ілінді

Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев күдікті деп танылды,, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселе, қаңтар оқиғасы кезіндегі қызметтегі әрекетсiздiкке қатысты. Бұл ақпаратты Бас прокуратура растады. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Еске сала кетейік, ақпан айында Серік Күдебаев өз еркімен қызметінен кеткен болатын.