Түркістанда дәрілік шөпті заңсыз тергендер ұсталды

Түркістандық полицейлер өңірде заңсыз жұмыс істеп жүрген 130-дан астам шетелдікті анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Арыс, Сарыағаш және Отырар аудандарының аумағында дәрілік «кеурек» шөбін заңсыз теріп  жүрген жерінен ұсталды. Арзан жұмыс күші ретінде облысқа келгендер негізінен Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары екен. Көші-қон заңдылығын бұзған жүзден аса мигрантқа әкімшілік шара қолданды. Емдік қасиеті жоғары өсімдікті жинауға шетелдік жұмысшыларды тартқаны үшін Қазақстанның екі азаматына да хаттама толтырылып, жауапқа тартылды.