Алматы облысында жоғалған бала табылды

Алматы облысы, Кербұлақ ауданындағы Доланалы ауылының маңында жоғалып кеткен 4 жасар бала аман-есен табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеше таулы аймаққа отбасымен бірге саңырауқұлақ теруге барған Богдан Хименко ата-анасынан адасып қалған еді.  Іздестіру жұмыстарына құтқарушылар, кинологтар және тәртіп сақшылары мен еріктілер атсалысты. Балақай түн жарымда табылып, дәрігерлердің қолына табысталды. Медициналық тексерістен кейін мамандар оның денсаулығы жақсы екенін айтып, үйіне қайтарды.