Павлодарда тыйым салынған діни әдебиеттерді таратқан әйел жауапқа тартылды

Павлодардың экстремизмге қарсы іс-қимыл тобының қызметкерлері интернетте мониторинг жүргізу барысында қолданушының парақшасынан діни мазмұндағы материалдары бар 39 аудиожазбаны анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тексеру барысында 35 жастағы павлодарлық тыйым салынған контентті ашық жариялаған. Бұл факті бойынша дінтану сараптамасы жүргізілді. «Сараптама қорытындысы бойынша Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты павлодарлық әйелге ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 2-бөлігі (Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) бойынша 20 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салып, әкімшілік жауапкершілікке тартты», деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз