$1,8 млн есірткі тәркіленді

Қазақстан мен Қырғызстанның қауіпсіздік қызметкерлері ірі халықаралық есірткі арнасын жойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі сайтында жарияланды.  Трансұлттық есірткі тобының қызметін жою жөніндегі бірлескен арнайы операция екі ел аумағында жарты жыл бойы жүргізген. Нәтижесінде, жалпы құны 1,8 млн АҚШ доллар тұратын психотроптық зат тәркіленген. Бірлескен жедел іздестіру барысында 4 қазақстандық пен 3 Қырғызстан азаматы ұсталды. Сондай-ақ 2 зертхана жойылып, 30 кг-нан астам есірткі табылды.