Банк клиенттерінің есепшотындағы қаржыны қолды еткен алаяқтар ұсталды

Шымкентте интернет алаяқтыққа қатысы бар жеті күдікті арнайы операция кезінді қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар банк клиенттеріне хабарласып есепшотындағы қаржыны қолды етіп отырған. Өздерін банктің қызметкері ретінде таныстырып, шотқа әлдебіреулер шабуыл жасап жатыр деп үркіткен. Кейін тиесілі ақшаны қорғап қалмақ болып өздеріне аударым жасатқан. Алаяқтардан елуден астам банк картасы тәркіленді. Ал жәбірленушілер 100 мыңнан, 27 миллион теңгеге дейін аударым жасап, опық жеп қалған дейді прокурорлар. Құқық қорғау органдары жәбірленуші саны әлдеқайда көп болуы мүмкін дейді. Қазір прокуратура мен полиция департаменті бірігіп жедел-тергеу тобы құрылды. 

Ержан Марат, қала прокурорының орынбасары:

- Өткен жылы 1400 алаяқтық қылмысы тіркелсе, оның ішінде 950-і – интернет желісі арқылы жасалынған қылмыстар. Ал биылға 700 қылмыс тіркелді. Оның интернетке қатыстысы - 500. Топ жұмысының нәтижесінде қазіргі таңда ол қылмыстың саны азайып жатыр. Яғни 10% түсті.