Ақмола облысының тұрғыны қызға араша түсемін деп соққыға жығылды

Ақмола облысында қызға араша түсемін деп өзі жарақат алған ер адам ауыр ауруханадан бір-ақ шықты. Күдікті ұсталды, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24» Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

18 мамырдан 19 мамырға қараған түні ішімдік ішу кезінде жәбірленуші досына қызбен дөрекі сөйлескені үшін ескерту жасады. Салдарынан ол соққыға жығылып, ауруханаға түсті.

Аудандық аурухана дәрігерлері оған «жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы, кеуде қуысы мен жақ жарақаттары, қабырғаның сынуы» – деген диагноз қойды.

Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Күдікті 2001 жылы туған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны болып шықты. «Аталған факті бойынша Ақкөл аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК 107-бабының 1-бөлігі, яғни «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдіктіге қатысты келіп, көрініп тұру түрінде міндеттеме таңдалды» – хабарланды Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінен