Қызылорда облысында дауылдан бірқатар ғимараттың шатыры ұшты

Қызылорда өңірінде дүлей дауыл соғып, бірқатар аудандағы ғимараттарға зақым келді.

Шиелідегі 4 мектеп пен 1 колледждің және Жаңақорған ауданы Төменарық ауылындағы әкімдік ғимаратының, Жаманбай ауылдық клубының шатыры ұшты. Сондай-ақ осы аудандарда электр желілері үзіліп, бірнеше елді мекен жарықсыз қалды. Қазір электр желілері ішінара қалпына келтірілді. Зардап шеккен адам жоқ. Бүлінген нысандарда кезекшілік ұйымдастырылып, жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.