456,05 484,00 8,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Шығыс Қазақстанда жол апатынан бес адам көз жұмды

  • 151
  • UPD: 21:30, 22.05.2022
Шығыс Қазақстанда жол апатынан бес адам көз жұмды inform.kz

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында жол апатынан 5 адам мерт болды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 22 мамыр күні сағат 07:40 шамасында республикалық маңызы бар «Алматы – Өскемен» тасжолының Жарма ауданы Қалбатау ауылының тұсындағы 959 шақырамында болған. «NISSAN CEFIRO» маркалы автокөліктің 36 жастағы жүргізушісі жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырып, алдында келе жатқан «Беларусь 82.1» маркалы трактор тіркемесінің артына соғылған. Соның салдарынан жеңіл көліктің 36 жастағы жүргізушісі мен 4 жолаушысы сол жерде тіл тартпай кетті» – делінген ақпаратта. Ал 1 жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы