Түркістан облысында заңсыз ойын бизнесін жүргізген топ мүшелері ұсталды

Түркістан облысында заңсыз ойын бизнесін жүргізген қылмыстық топтың екі мүшесі ұсталды.

Облыстық экономикалық тергеу департаментінің мамандары Сайрам ауданында заңсыз бизнес ұйымдастырып, қылмыстық топқа жетекшілік еткен жергілікті тұрғын мен оның сыбайласын қолға түсірді. Топ құрамында бес адам болған. Қазір қылмыстық кодекстің 262-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары басталды. Ұсталған екі күдікті Түркістан қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті ойын бизнесі саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша тексеру жұмыстарын жалғастырып жатыр.