Түркістан облысында екі бала суға кетті

Түркістан облысында екі бала суға кетті
Иллюстративті фото / 24.kz

16.05.2022 жылы Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, өзенде шомылып жүрген ұлын таппай қалғанын жеткізіп, көмек сұраған. 

Оқиға орнына Бәйдібек АПБ-нің бастығы бастаған жедел-тергеу тобы, прокуратура қызметкерлері, төтенше жағдай қызметінің қызметкерлері жедел жетіп, жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді.  Бірнеше сағатқа ұласқан жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде полицейлер Бөген өзенінен 2 жасөспірімнің мәйітін тапты. 

Анықталғандай, 16.05.2022 жылы күндізгі уақытта 2012 жылғы 4 бірдей жасөспірім суға түсуге өзенге келген. Содан бір сәтте 10 жастағы екі бала Бәйдібек ауданы Шалдар ауылының шығыс беткейінде шамамен 2-3 шақырым жерде орналасқан Бөген өзенінің 2 метр тереңдіктегі жеріне түскен. 

Оқиға орнын қарау барысында балалардың киімдері мен велосипедтері табылды. Қазіргі таңда аталған дерек Бәйдібек АПБ-де тіркеліп, тергеп тексеру жүргізілуде. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі