Атырауда 10 азамат VIP-нөмірлерді сатып алу үшін жалған түбіртектер пайдаланған

Қалалық прокуратураның мәліметінше, олар мемлекетке 5 миллион теңгеден астам залал келтіріпті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Азаматтардың үстінен алаяқтық және жалған құжат жасау дерегі бойынша іс қозғалған. Егер күдіктілер мемлекетке келтірген шығынды толықтай өтесе, автокөліктеріне алған қымбат нөмірлерді өздеріне қалдыруға құқылы. Бірақ жауапкершіліктен жалтара алмайды.

Аршат Тайтуллин, Атырау қаласының прокуроры:

- Тексеру нәтижесінде 10 азамат 10 жоғары сұранысқа ие нөмірлерді сатып алу кезінде жалған түбіртектер пайдаланған. Бұл нөмірлердің тағдыры қылмыстық істің тергелу нәтижесімен анықталатын болады. Бұл фактілер қалалық прокуратурамен талдау нәтижесінде осы мамыр айында анықталды.